Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 540,18 теңгені құрап, 0,55 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 3 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 539,55 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орта есеппен 539,33 теңгені, сату – 541,11 теңгені құрайды. Астанада долларды орташа есеппен 537,97 теңгеден сатып алып, 543 теңгеден сатып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйектегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге өскен болатын.