Әлемдегі ең ірі айсберг үш ай ішінде көлемінің үштен бірін жоғалтты

/
Әлемдегі ең ірі айсберг үш ай ішінде көлемінің үштен бірін жоғалтты

Әлемдегі ең үлкен айсберг — А23а кейінгі үш ай ішінде көлемінің үштен бірінен астамын жоғалтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдардың айтуынша, бір мезетте үш бөлік үзіліп кеткен. Олардың әрқайсысының аумағы 60-тан 300 шаршы шақырымға дейін жетеді. Бұл туралы Арктика және Антарктика ғылыми-зерттеу институты хабарлады.

«Антарктиканың үш қыс айында айсберг аумағының 36 пайызын жоғалтты. Маусым айының басында оның көлемі 2730 шаршы шақырым болатын», – делінген хабарламада.

Қазір А23а-ның аумағы 1750 шаршы шақырымға дейін қысқарды. Бұл шамамен Санкт-Петербург қаласының көлемімен тең.

Айсберг қазір Оңтүстік Джорджия аралынан 70 шақырым солтүстікте қалқып жүр.

А23а мұзтауы алғаш рет 1986 жылдың қыркүйегінде Фильхнер мұздығынан бөлініп шыққан. Содан бері 30 жылдан астам уақыт бойы Уэдделл теңізінде қозғалмай тұрған. Тек 2023 жылдың қарашасында ғана қайтадан дрейфке шықты. Бұған дейін ғалымдар мұзтаудың Оңтүстік Джорджия аралымен соқтығысуы мүмкін деп қауіптенген. Алайда соңғы деректерге қарағанда, А23а бағытын өзгерткен, сондықтан соқтығысу қаупі едәуір азайған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары