Елімізде егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың 4,2 млн гектары жиналып, бұл жалпы егіс алқабының 26 пайызын құрайды. Жалпы 5,9 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 112,8 мың тонна майлы дақыл, 684,2 мың тонна картоп (өнімділігі – 241,5 ц/га), 1,9 млн тонна көкөніс (өнімділігі – 286,8 ц/га), сондай-ақ 2 млн тоннадан астам бақша дақылдарын (өнімділігі – 272,6 ц/га) жинап үлгерді.
Көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша: 340,4 мың тонна қырыққабат (өнімділігі – 374,8 ц/га), 326,9 мың тонна пияз (өнімділігі – 394,2 ц/га), 115,7 мың тонна сәбіз (өнімділігі – 302,9 ц/га) жиналды.
Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сай мерзімде жүргізілуде.