Аягөзде жүргізуші куәлігі жоқ жас жігіт 6 жасар баланы қағып кетті

/
Аягөзде жүргізуші куәлігі жоқ жас жігіт 6 жасар баланы қағып кетті
istockphoto.com

27 тамыздан 28 тамызға қараған түні Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында жергілікті тұрғындарды дүр сілкіндірген қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші алты жасар баланы қағып кеткен. Бала оқиға орнында қаза тапты.

Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жүргізуші Аягөз ауданының полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты тиісті процессуалдық шаралар жүргізілді, содан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Алдын-ала мәлімет бойынша, 21 жастағы жүргізуші көлік құралын басқару құқығы болмағанына қарамастан, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан медициналық мекемеде көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп, қажетті айғақ заттар алынды, куәгерлерден жауап алынды. Сот сараптамалары тағайындалды», - делінген полиция хабарламасында.

Абай облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Белгіленген ережелерді елемеу сөзсіз қайғылы жағдайларға әкеледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары