Түркістан облысы Загамбар ауылындағы тойханада қонақтардың бірі ән айтып тұрған әншіні ұрып жіберген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады.
«Өзімнің админстраторым ән айтып жатқан кезімде түсіріп тұрған видео осы. Мені ұрған кезде менің қасыма жүгіріп келген. Ал ағам мені ұрған кісіге барғанда 4-5 еркек ажыратып, ана кісіні жібере салған. Өйткені барлығы туысқаны мен көршілері екен.
Ал кеше салынған видеоны біз TikTok-тан алдық. Басқа адамдар видео салып, таратып тастаған соң өзім де салуыма тұра келді. Бұлар заң бойынша жауап беруін сұраймын. Әділеттілік болса екен. "Әйел адамды қорлап жүре берсе болады" дейтін ахуалдан қашан қалай шығамыз?!», – деп жазды ол.