Алматыда бір самокатқа міңгескен 2 жасөспірім сәби жатқан бесікарбаны қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Абырой болғанда бала зардап шеккен жоқ, ал кінәлілер табылып, жауапкершілікке тартылды. Алайда, ата-анасының зәресі ұшып, оқиға орнына полиция шақырған. Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, полиция оқиғаға қатысты түсінік берді.
«Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция Басқармасы екі жасөспірімді анықтады. Оларға жеке мобильді құрылғыларды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді, ал олардың ата-аналарына балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін шара қолдандық», - деп хабарлайды Алматының полиция департаменті.
Құқық қорғау органы екі балаға ескерту жасап, босатқан.