Қыркүйек айында Қазақстанда Қытай-Қазақстан бірлескен жаңа халықаралық музыкалық жобаның түсірілімі басталады. Жобаға әлемнің әр түкпірінен вокалистер қатысып, елдің ең әсем аймақтарына саяхат жасайды. Продюсерлік жұмысты әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген атқарады, деп хабарлайды turkystan.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Түсірілім 8-29 қыркүйек аралығында Түркістан, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында өтпек. Жоба халықаралық арналар арқылы бүкіл әлемге таралып, миллиондаған көрермен Қазақстанның сұлулығын және түрлі елдердің жаңа орындаушыларын тамашалауға мүмкіндік алады.
Шамамен он жыл бұрын менің Hunan TV-дегі сапарым «Әнші» шоуынан басталған еді. Бүгін мен халықаралық шоуды жасаушы ретінде жаңа рөлде оралып отырмын. Бұл – бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіретін мәдени ынтымақтастық пен музыка тарихындағы жаңа тарау, – деді Димаш Құдайберген.
Әнші сондай-ақ жобаның жүзеге асырылуы Қытайдың ірі медиа-холдингтерінің бірі Hunan TV-мен серіктестік аясында жүріп жатқанын атап өтті.