Еліміздің аймақтарында үсік жүруі ықтимал - Қазгидромет

/
Еліміздің аймақтарында үсік жүруі ықтимал - Қазгидромет
istockphoto

«Қазгидромет» РМК-сы 2025 жылдың 2-4 қыркүйегі аралығында болатын күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның хабарлауынша, Қазақстанның күн райына антициклон әсер етіп, республиканың басым бөлігінде күн суытады.

Атап айтқанда, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында түнгі уақытта термометр бағандары 2-8 градус жылылықты көрсетеді және 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Елдің оңтүстік-шығыс өңірлерінің тұрғындары күндіз ыстықтың 20-28 градусқа дейін түскенін сезеді. Тек елдің батысы, оңтүстік-батысы ауа температурасы осы кезде 32-40 градус ыстықты көрсетіп тұрған Иран аумағынан келетін жылы ауа масаларының ықпалында болады. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары