СҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды

/
СҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды
Скриншот

Бүгін күндіз Челябі – Новосібір республикалық трассасының 505-шақырымында ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты HALYQSTAN телеграм арнасына сілтеме жасап.

Оқиға СҚО Қызылжар ауданына қарасты Қызылжар ауылына жақын маңда болған.

Chevrolet, Mazda және Lexus маркалы үш көлік соқтығысқан.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмып, бесеуі түрлі дене жарақатын алды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары