ШЫҰ саммиті: "Заң мен тәртіп" қағидаты халықаралық күн тәртібінде қозғалды

ШЫҰ саммиті: "Заң мен тәртіп" қағидаты халықаралық күн тәртібінде қозғалды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзіжай ғана хаттама емес, ілгерілеуге жол салатын нақты бастамалар.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің Төрағасы ​​​​​Бақтияр Мәкен айтты.

"ШЫҰ саммиті маңызды мына бір жайтты көрсетті: Қазақстан бүгінде тек қатысушы емес, сонымен қатар айрықша серпін беретін мемлекет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі жай ғана хаттама емес, бұл – нақты бастамалар. Мұнда терроризм мен экстремизмге қарсы күрестен бастап жасанды интеллект және су қауіпсіздігі туралы мәселелер қамтылған.

Бақтияр Мәкен саммите Президенттің жоғары технологиялар және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігіне назар аударғанына тоқталды.

"Әсіресе, мені ШЫҰ Сарапшылар форумының Жасанды интеллект туралы идеясы қызықтырды. Құқықтық тәртіп саласында жұмыс істейтіндер үшін цифрландыру бүгінде сәнге айналған «тақырып» қана емес, бұл қылмысқа қарсы күрес жүргізудің нақты құралы. Бұл бағытта Қазақстанға флагман болуды ұсынып отыр", – дейді Б.Мәкен.

Ол саммит кезінде байқалған маңызды кезекті жайтты атап өтті.

"Назар аударуға тұрарлық тағы бір жайт: Саммитте Қытай туының қасына Қазақстан туы қойылған. Қытай дипломатиясында кездейсоқтыққа жол берілмейді. Тоқаевтың ортада тұруы Қазақстанның Еуразия кіндігінде орналасқанын, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының Қазақстансыз мүмкін емес екенін аңғартады. Бұл – біздің рөлімізді орта держава ретінде мойындаудың айқын белгісі.

ҚР ІІМ ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесте біз үшін Президенттің мұндай басталамалары біздің "Заң мен тәртіп" идеологиясымен тікелей байланысты. Себебі заң мен тәртіп – тек полиция қызметкерлерінің жұмысы ғана емес, бұл – ауқымды аймақтық саясаттың бір бөлігі.

Қазақстан дәл осылайша мықты жүйе құруда: «Заң мен тәртіп» қағидаты тек ел ішінде ғана емес, сонымен катар халыкаралык күн тәртібінде де қарастырылды", – дейді Б.Мәкен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары