Алматыда үш қабатты ғимарат өртеніп кетті

/
Алматыда үш қабатты ғимарат өртеніп кетті
Скриншот

Бүгін Алматының Алатау ауданында орналасқан Данченко көшесіндегі үш қабатты ғимараттан ірі өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына бірінші болып жеткен өрт сөндіру бөлімшелері өрттің қарқыны жоғары екенін хабарлады.

Өрт сөндірушілер оқиғаға жоғары дәрежелі шақырту бойынша жұмылдырылып, өртті сөндіру үшін барлық қажетті шараны қолға алды. Қатты түтін мен жоғары температура жұмысты қиындатқан. Сонымен қатар алғашқы бөлімшелер оқиға орнына жеткенше көлік кептелісіне тап болған, бұл өрт сөндіру жұмыстарына кедергі келтірген.

Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

— Оқиға орнында арнайы өрт сөндіру штабы құрылып, өртті сөндіруге бірнеше су оқпандары тартылды. Су үздіксіз беріліп, өртті оқшаулау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Ғимараттан төрт газ баллоны, екі оттегі баллоны, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станциясынан үш автокөлік эвакуацияланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары