Қазақстанның белгілі ғалымы, профессор, ағартушы педагог, қоғам қайраткері Андрей Ахаев жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.
«Василий Ивановичке, Вера Давыдовнаға, Алексей Ахаевқа, Инна Валерьевнаға, сондай-ақ Андрей Васильевич Ахаев пен оның жұбайының туған-туыстарына, жақындарына ең терең қайғыра көңіл айтамын.
Андрей Васильевич тек қана көрнекті педагог, ғалым, қоғам қайраткері ғана емес, сондай-ақ үлкен жүректі азамат еді. Оның Шығыс Қазақстанның білім мен ғылымының дамуына қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес. Ол туралы жарқын естелік әріптестерінің, шәкірттерінің және жерлестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.
Осы ауыр сәтте сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтасамын.
Жаратқан Ие сіздерге бұл ауыр сынақты еңсеруге күш-қуат берсін дегім келеді.
Андрей Васильевичтің жарқын бейнесі мен игі істері әрдайым шабыт пен мақтаныштың қайнар көзі болып қала берсін», – дедп жазды облыс басшысы.