Алматыдан Ақтауға шыққан Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Компанияның баспасөз қызметі оған техникалық ақау себеп болғанын мәлім етті.
Желіде ұшақ бортынан түсірілген видео тарады.
«31 тамызда Алматы-Ақтау бағытына шыққан КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жете бере, техникалық ақау туралы хабар беріп, нұсқаулыққа сай бірінші болып қонуға рұқсат сұраған. Осыдан кейін ол Ақтау әуежайына сәтті қонды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Қазір ұшақтағы ақау неден шыққаны тексеріліп жатыр.
Келесі рейстің жолаушылары басқа әуе кемесіне ауыстырылды.