«Жанқош пен Клараның артынан неге аңдып жүрсің?»: Ләззат Ахатова атышулы іске қатысты деректі жайып салды

/
«Жанқош пен Клараның артынан неге аңдып жүрсің?»: Ләззат Ахатова атышулы іске қатысты деректі жайып салды

Адвокат Ләззат Ахатова «боксшы Жанқош Тұраров зорлады» деп мәлімдеген Әнару Құрманәлінің таққан айыптауларына жауап беріп, дауға қатысты дәлелдерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол алдымен өзін «Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Исамен бұрыннан таныс» деген ақпаратты жоққа шығарып, дәлел ретінде желіде бір-бірімен хат алмасқан жазбаларын көрсетті.

«Бір достарым «Тұраровтың әйелін таниды екенсіз, солай деп жазыпты» деген. Ол келіншектің ісі басталғанда «маған уатсапқа жазғанын тауып, саламын» деп уәде бергенмін. Сол достарым үшін салайын. Бір жағы, полицияға жазған арызға дәлел ретінде тіркеуім керек болғасын да, таппасқа болмады. Былтыр 30 тамыз күні жазыпты. Яғни мен іске енді кіріп, алғашқы посттарымды жазып жүргенде. Болды, содан кейін ол келіншектен хабар болған емес. 

Бүгін соны телефонды ақтарып, іздеп отырып, тауып алдым. Атын да сақтамаған екем. Бір суайттың желіге салған 4 жыл бұрынғы фото туралы  біраз “жанашырларым” мені ағаш атқа отырғызып, тілдері жеткенше ғайбаттап, шаттанып қалған екен. Қуаныштары ұзаққа бармайтын болды-ау. Клараның жазғанын іздеймін деп, тағы бірталай нәрсе тауып алдым», – деді ол.

Сонымен қатар ол істі бастапқыда жабулы күйінде қалдыруға тырысқанын, алайда қарсы тарап өз әрекетімен жағдайды ушықтырғанын айтты. 

«Ана қызда ес, ақыл болса, бас болса шырылдап, жанымыз ауырған екен ғой. Соның ары үшін, ел алдында абыройын сақтаймыз деп… Сол күйі бұл нәрсе шықпас еді, өз ақымақтығынан өз артын ашып отыр екен, қазір. Әсіресе соңғы жазғанымда, дәл осылай боларын сезгендей, жаным шырқырап, жазыппын…

Өткенде соңғы жазбам деп, тағы жазып жатқанымды айыпқа бұйырмассыздар. Заңгерлер қауымына әр сөзге дәлелмен жауап беру – мінез боп, қалыптасып кеткен», – деді адвокат.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары