Оқу-ағарту министрі Білім күнімен құттықтады

/
Оқу-ағарту министрі Білім күнімен құттықтады
Фото: Оқу ағарту министрлігі

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барша ұстаздарды, ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашып отыр. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастаймыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін, – деді министр құттықтау сөзінде.

Сонымен бірге министр жаңа оқу жылында оқушылардың сапалы білім алуына, ұстаздардың кәсіби дамуына ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары