Қарағандыда мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

/
Қарағандыда мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза тапты
istockphoto

Қарағандының шығыс айналма жолында, Шахтер кенті маңында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды.

karaganda_vkurse мәліметіне сүйенсек, алдын ала мәлімет бойынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл жүргізушісі жолға кенеттен шыққан сиырмен соқтығысып, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жол бөлігі автожол талаптарына сай болғанымен, малдың шығуы жүргізушілердің өміріне қауіпті. Мамандар жүргізушілерді жоғары жылдамдықтағы жолдарда да барынша мұқият болуға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары