Ауғанстанда жер сілкінісі болды

/
Ауғанстанда жер сілкінісі болды
istockphoto

Ауғанстандағы Джелалабад қаласының маңында магнитудасы 6,2 балл болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Дүмпу жергілікті уақытпен 19:17-де, Джелалабадтан солтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым жерде тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы 35 шақырым тереңдікте орналасқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары