Павлодар облысында науқас әйел мен нәрестені құтқару үшін тікұшақ қажет болды

/
Павлодар облысында науқас әйел мен нәрестені құтқару үшін тікұшақ қажет болды
istockphoto

Медицина мамандарына санавиация желісі бойынша бір күнде екі шақырту түсті, алайда, қолда бары тек жалғыз тікұшақ.

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының өкілдері 77 жастағы науқас әйел мен жаңа туған нәрестені 1,5 сағат айырмашылықпен Павлодарға жеткізгені туралы айтып берді.

Шақыртудың екеуі де 29 тамыз күні түскен.

Сағат 12:05-те Железин аудандық ауруханасынан Павлодарға шақырту түсті. Онда 1948 жылы туған, инфаркт алған әйелді жеткізу қажет болды. Ол үшін кардиоорталықтың арнайы мамандарының көмегі керек еді.

— Біраз уақыттан кейін бізге Екібастұздан тағы бір өтінім түсті. Облыс орталығына шала туған сәбиді жеткізу қажет болды. Баланың тынысы тарылған соң жедел әрекет ету керек болды, — деді медициналық авиация бөлімінің меңгерушісі Алмагүл Бесембинова.

Санавиацияның қарамағында тек бір тікұшақ бар, әрі ол тек күндіз ғана ұша алады. Осыған байланысты дәрігерлер Ұлттық шұғыл медициналық жәрдемді үйлестіру орталығы мен «Қазавиақұтқару» АҚ-тан көмек сұрап, қосымша МИ-8 тікұшағын пайдалануға мүмкіндік алды. Өтінім түскеннен кейін бір сағат өтпей-ақ дәрігерлер борты Екібастұзға аттанды.

Нәтижесінде инфаркт алған әйел 17:48-де кардиоорталық мамандарына тапсырылды, ал жаңа туған сәби 18:48-де перинаталдық орталыққа жеткізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары