Жақын арада екі коммуналдық жағажайда абаттандыру элементтерін бұзу жұмыстары басталады.
Павлодар қаласының әкімдігі жағажай маусымы ресми түрде 31 тамызда аяқталатынын мәлім етті. Бүгін сонымен қатар қаланың орталық жағалауында жаз бойы жұмыс істеген балаларға арналған бассейндер де жұмысын тоқтатады.
-Жуық арада Орталық және Усоль жағажайларында жатуға арналған орындарды, субұрқақтарды және киінуге арналған орындарды бұзу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар бассейнді кезең-кезеңімен консервацияланады,-деп хабарлады қала әкімдігі.