Орал тұрғыны сапасыз автокөлік сатқан сатушыдан 20 миллионнан астам ақша өндіріп алды

Орал тұрғыны сапасыз автокөлік сатқан сатушыдан 20 миллионнан астам ақша өндіріп алды
pixabay.com

Орал тұрғыны 17 млн 840 мың теңгеге сапасыз автокөлік сатқан сатушыдан 20 млн-нан астам қаражат өндіріп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Uralskweek-тің хабарлауынша, 15 мың шақырым жүргеннен кейін көлік істен шыққан.

Көлік иесі сатушыдан көлікті ауыстыруды немесе ақшаны қайтаруды талап еткен, бірақ екінші тарап бас тартқан соң, сотқа жүгінген.

Сараптама нәтижесі бойынша, көліктің қозғалтқышында, салқындату жүйесінде апатқа әкелуі мүмкін және денсаулыққа қауіп төндіретін үлкен ақаулар барын анықтады.

Сот көлікті айтарлықтай кемшіліктері бар тауар деп таныды және сатып алу-сату шартын бұзу туралы қаулы шығарды.

Сот үкіміне сәйкес, сатушы сатып алушыға төлеуге міндеттелді:

17 840 000 теңге – автомобиль құны;

1 784 000 теңге – тұрақсыздық айыбы;

112 631 теңге – сот сараптамасына арналған шығын құны;

177 960 теңге – сот шығындары;

500 000 теңге – өкілдің қызметтері;

196 240 теңге – мемлекеттік баж.

Сонда сатып алушы 20,6 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алады.

Сатушы қозғалтқышты ауыстыруға болады және ақауды да жоюға болатынын алға тартып, шешімге шағымдануға тырысты. Алайда апелляциялық алқа шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары