Вьетнамға бағыт алған ұшақ Астана әуежайына қайтарылды

/
Вьетнамға бағыт алған ұшақ Астана әуежайына қайтарылды

Нячангқа бет алған VietJet Air ұшағы Астана әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazinform.

"Әуе кемесін әуежайға қайтару туралы шешімді экипаж командирі авиациялық ережелерді қатаң сақтай отырып, жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдады", - деп түсіндірді әуежай баспасөз қызметінің өкілдері.

Ұшақ қалыпты жағдайда қонды. Әуе кемесіне қажет барлық қызмет жұмылдырылды.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Астана әуежайында рейсті  бойынша барлық қажетті жағдай жасалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары