Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр, бұршақ жауып, жел тұрады, найзағай ойнайды, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атырау облысында күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл, шаңды дауыл соғады, 36 градусқа дейін ыстық болады, өрт қаупі жоғары.
Түркістан, Жетісу облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, өрт қаупі өте жоғары.
Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, жоғары өрт қаупі сақталады.
Оралда, Батыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады, күн күркіреп, жел соғады, жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда қаласында, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел соғады, төтенше өрт қаупі бар.
Алматы, Шымкент, Қонаев қалаларында, Қарағанды, Ұлытау, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.