Түркістан облысында қойма өртенді

/
Түркістан облысында қойма өртенді
ТЖМ

Түркістан облысының Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы қоймада өрт шықты. Бұл туралы хабарлама 112 құтқару қызметінің пультіне келіп түскен.

Алғашқы бөлімшелер келген сәтте өрттің қарқыны күшейіп, шатыр құлаған. Қазір өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

— Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Сөндіру барысында оттегінің көптігі, қатты түтін мен жылу сәулесінің жоғары болуы, сондай-ақ жалынның үлкен аумаққа тез таралуы жұмысты қиындатып отыр. Өртке қарсы күреске жеке құрамнан 28 қызметкер және 8 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ, — делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары