"Жай шаршадым деп ойлап жүрген": смарт-сағат қауіпті дертке шалдыққан әйелді құтқарып қалды

/
"Жай шаршадым деп ойлап жүрген": смарт-сағат қауіпті дертке шалдыққан әйелді құтқарып қалды
сурет: istockphoto.com

Ұлыбританияда 57 жастағы Сэм есімді әйел өзін «жай ғана шаршадым» деп ойлап денсаулығына мән бермей жүрген, дегенмен смарт сағат оның денсаулығындағы қауіпті белгілерді анықтап, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz thesun.co.uk-ге сілтеме жасап.

Сағат үнемі төмен пульсті көрсетіп, дәрігерге қаралуға кеңес берген. Медициналық тексеріс барысында әйелден жүрек аритмиясы табылып, кейінгі КТ-сканерлеу ми ісігін анықтаған.

Сэмнің айтуынша, оның өмірінде ауыр кезеңдер болған: 2020 жылы әкесін жоғалтқан, итінен айрылған және некесі бұзылған. Осыдан кейін ол өзін қатты күйзелісте сезініп, әлсіздікті тек шаршаумен байланыстырған.

«Мен өте шаршадым, бірақ өзімді мықтымын деп ойладым.Смарт сағатым болмаса, бәлкім, дәрігерге де бармас едім», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары