БҚО тұрғыны алаяқтарға 1,3 млн теңгесін аударып жібере жаздаған

/
БҚО тұрғыны алаяқтарға 1,3 млн теңгесін аударып жібере жаздаған
istockphoto

Батыс Қазақстан облысы тұрғыны банкомат арқылы алаяқтарға 1,3 млн теңге аударып жібере жаздаған.

Алдын алу шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде терминал жанында телефонмен сөйлесіп, қобалжыған ер адамды байқайды.

Полицейлер оған телефонның ар жағында алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертеді.

"Белгілі болғандай, бірнеше күн бойы өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар ер адамға телефон шалып, оның ақша жинақтарына қауіп төніп тұрғанын айтқан. Ақшаны "құтқару" үшін оған депозиттен қаражатты шешіп, "қауіпсіз" есепшотқа аударуға кеңес берген", - дейді БҚО полициясы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары