Астана қаласы полиция департаментінде "Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасының екі айлық қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткіге қарсы ауқымды іс-шара елордада 2025 жылдың 1 маусымынан 31 қазанына дейін жүргізіліп жатыр.
"Кеңес барысында іс-шара басталғалы екі ай ішінде 201 есірткіге қатысты құқық бұзушылық тіркелгені айтылды. Заңсыз айналымнан 300 келіден астам әртүрлі есірткі заты тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар есірткі сату жөнінде ақпарат таратқан 302 интернет-ресурс бұғаттауға жолданды, дейді полицейлер.
Бұдан бөлек, әкімшілікпен, мүдделі органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, іс-шара барысында 128 профилактикалық шара өткізілді.