Астанада бірнеше көше жөндеу жұмысына жабылады

/
Астанада бірнеше көше жөндеу жұмысына жабылады
istockphoto

Елордада бірнеше көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, А. Герцен көшесінің Р. Дүйсенбаев көшесінен Д. Карбышев көшесіне дейінгі аралығына жөндеу жүргізеді.

Осыған байланысты аталған учаске 23 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында ішінара жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары