Астаналық жас шахматшы, халықаралық мастер Сауат Нұрғалиев халықаралық жарыста қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.
Отандасымыз қатысқан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер шахмат олимпиадасы Колумбияның Барранкилья қаласында өткен.
Айта кету керек, 2023 жылы Сауат дәл осы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды.