Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

23 тамыз күні Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Актобеде күндіз, ал Атырауда түнде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы байқалады. Мұндай кезде ауада жиналған қоспалар таралмай, төменгі қабатта қалып қояды.

«23 тамыз 2025 жылы қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбеде күндіз, Атырауда түнде күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары