Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті

/
Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесуіне Француз тарабы бастама болған.

"Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты", - делінген Ақорда хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары