Шымкентте мұғалім 25 тәулікке қамауға алынды

/
Шымкентте мұғалім 25 тәулікке қамауға алынды
HALYQSTAN

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мектеп-лицей мұғалімін кәмелетке толмаған оқушыға қол жұмсағаны үшін кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамау жазасын тағайындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушы 2025 жылдың наурыз айында  мектеп -лицейде сабақ өткізіп жатқанында, жәбірленуші Ш.-ның кіретін есікті қатты тақылдатқанына ашуланып, бірнеше рет ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқан.

Сотталушының кінәсі өзінің және жәбірленушінің жауаптарымен, оқиға орнында жүргізілген  бейнежазбалармен және жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді.

Жәбірленуші сотталушыға кешірім бермейтінін және қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы тағылған айыпты мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде  кінәсін  толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескерді. Іс бойынша оның жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот, Х.-ны25 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары