«Баланы мектепке дайындайық»: ШҚО-да 1 500-ден астам балаға көмек көрсетілмек

«Баланы мектепке дайындайық»: ШҚО-да 1 500-ден астам балаға көмек көрсетілмек

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі «Баланы мектепке дайындайық» акциясы өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты – әлеуметтік жағынан осал санаттағы отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына дайындыққа қолдау көрсету.

«Күн сайын аймақтық және аумақтық филиалдарда балаларға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталуда. Бүгінгі күнге дейін 800-ден астам бала көмек алды. Жалпы, акция аясында 1500-ден астам оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр», – дейді «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нұркенов.

Бұл игі іске барлық деңгейдегі депутаттар, бастауыш партия ұйымдары, кәсіпкерлер мен өңірдің ірі кәсіпорындары атсалысуда.

«Жаңа оқу жылы – әр бала үшін ерекше қуаныш пен жаңа бастамалардың кезеңі. Ал біздің міндетіміз – сол қуаныштың еселенуіне үлес қосу. Бұл акцияға депутаттар мен меценаттар белсенді қатысып, өңірдің көптеген отбасына нақты көмек көрсетуде. Осындай игі бастамалар арқылы біз қоғамда мейірім мен қамқорлықты күшейте түсеміз», – дейді ШҚО мәслихатының депутаты Дмитрий Сомов.

Аталған акция тамыз айының соңына дейін жалғасатын болады. Осы кезеңде «AMANAT» партиясының облыстық және аумақтық филиалдары балаларға  оқуға қажетті құрал жабдықтар салынған сөмкелерді табыстайды. Бірлік пен жанашырлыққа негізделген бұл игі шара – партияның әлеуметтік әділетті қоғам құруға бағытталған нақты қадамдарының бірі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары