Ұлытау облысында екі күн бұрын жоғалған жолаушылар табылды

/
Ұлытау облысында екі күн бұрын жоғалған жолаушылар табылды
istockphoto

Ұлытау облысында полиция адасып кеткен екі ер адамды аман-есен тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау ауданында екі күнге созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері далада адасып кеткен екі азаматты аман-есен тапты.

"19 тамызда Ұлытау аудандық полиция бөліміне екі азаматтың көлігі бұзылып, байланыссыз қалғаны туралы хабар түскен", - деп жазылған хабарламада.

Туыстары көмек сұраған соң бірден жедел іздестіру іс-шаралары басталды. Іздестіру тобына жергілікті жер жағдайын жақсы білетін тәжірибелі қызметкерлер тартылды. Олардың қатарында полиция капитаны Нұрсұлтан Байболовтың басшылығымен майор Темірлан Үмбет, капитан Нұрбол Ақбергенов, аға лейтенант Серік Медет және сержанттар Барысхан Қылыбекұлы мен Айдын Сейтжаппар болды.

Екі күн бойы жүргізілген іздестіру нәтижесінде жоғалғандар табылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір олар туыстарына аман-есен табысталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары