Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталғанын хабарлады.
Биыл конкурсқа қатысу үшін 20 мыңнан астам өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық.
"Болашақ магистранттар арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", - деп жазылған хабарламада.
Грант тағайындау конкурсының нәтижелері 23 тамыз күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.