Құтқарушылар Семейдегі жаңа көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды

/
Құтқарушылар Семейдегі жаңа көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды
ТЖМ

Абай облысы ТЖД-ның 112 пультіне Семей қаласындағы жаңа көпірдің пилонына ер адамның көтерілгені туралы хабар түсті. Бұл туралы turkystan.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ, полиция, жедел медициналық жәрдем және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жіберілді. Ер адаммен байланыс орнату үшін пилонға ТЖМ-нің психологы мен құтқарушысы көтерілді. 

Сонымен қатар құтқарушылар Ертіс өзенінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқару қайықтарын орналастырып, жағдайды әуеден бақылау және бағалау үшін ұшқышсыз ұшу аппаратын (дронды) қолданды. 

Ер адаммен келіссөздерді Оперативті-құтқару жасағының бөлімше бастығы, құтқарушы Ринат Бабаджанов жүргізді. Оның кәсіби біліктілігі мен барлық қызмет түрінің жедел әрекетінің арқасында ер адам пилоннан түсірілді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары