Атырау тұрғыны әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды

/
Атырау тұрғыны әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды
istockphoto.com

Атырау тұрғыны 39 жастағы әйелін өлтірген. Облыстық полиция департаменті аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Ақжайыққа сілтеме жасап.

Оқиға туралы Threads қолданушысы mair_saduakhas жазған. Ол қаза тапқан әйелдің өзінің бөлесі екенін айтып, адамдардан бей-жай қалмауды өтінді.

Анықталғандай, кісі қолынан көз жұмған әйел күйеуімен 14 жыл отасқан. Үлкен қызы күзде 6-сыныпқа, ал кіші қызы 2-сыныпқа барады.

"Олар үшін бүкіл әлем анасы еді. Бірақ соңғы бес жылда оның өмірі тозаққа айналды. Күйеуі жиі ішіп, үнемі әйелін соққыға жығатын. Ол балалары үшін шыдап, тіс жармайтын, шағымданбады. Соңғы үш жыл әйел жұмыс істемей, отбасына, қыздарына арнады. Бүгін таңертең өмірден өтті. Қорған болуға тиіс күйеуі оның өмірін қиды. Екі қыз анасыз қалды. Оларды қазір интернатқа алып кетті", - дейді Майра Садуақасова әпкесін еске алып.

Ол қайғылы оқиға туралы полиция хабарламасынан білген.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиғаға қатысты басылым тілшісіне түсінік берді.

"Осы дерекке қатысты "Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Кешенді тергеу шаралары басталды", - делінген полиция хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары