Синоптиктер Қазақстанда 2025 жылғы 20 тамызда, сәрсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.
"Қазгидромет" РМК дерегінше, республиканың батысы, оңтүстігі және шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлеріне әсерін сақтайды – найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыс пен солтүстікте бұршақ түсуі ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік, батыс пен орталықта тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады, - делінген болжамда.