Танымал директор жұмысын қай мектепке ауыстырғанын айтты

/
Танымал директор жұмысын қай мектепке ауыстырғанын айтты
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде белгілі ұстаз әрі директор Ақмоншақ Нұртазақызы жаңа оқу жылы қарсаңында маңызды хабарлама жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында мектепті оқу құралдары және өзге де қажетті жабдықтармен қамтуға қол ұшын беретін демеушілерді іздейтінін мәлімдеді.

«Мектебімізге қолдау білдірем деушілер болса, ризашылықпен қабылдаймыз. Қазіргі уақытта бізге көркем әдебиеттер, домбыра, ақпараттық стендтер, перделер, парталар, орындықтар, тақталар, сондай-ақ көпбалалы отбасылардың балаларына арналған мектеп формасы қажет болып отыр. Егер біреулер жаңа кабинет ашып беруге ниет танытса, оған да қуанышты боламыз. Біз әрқашан серіктестікке дайынбыз әрі демеушілердің жарнамасын лайықты деңгейде насихаттап бере аламыз. Сіздердің көмектеріңіз мектепке де, оқушыларға да зор пайда әкелетіні анық», – деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары