«Келешек мектептері»: Оралдағы мектептердің бірінде баспасөз туры өтті

«Келешек мектептері»: Оралдағы мектептердің бірінде баспасөз туры өтті
gov.kz

Оралдағы №52 жалпы білім беретін мектепте «Келешек мектептері» жобасы аясында «Балақайлар мектебі» тақырыбында баспасөз туры өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара барысында педагогтар мен ата-аналар бастауыш сыныптарды жаңа форматта оқыту тәжірибесімен бөлісті.

«Балақайлар мектебі» – мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерді бейімдеуге арналған маңызды жоба. Қазіргі таңда мектебімізде 1480 оқушы білім алуда, оның ішінде 172 бала 1-сыныпқа өтініш беріп, 156 бала дайындық курсына қатысып жатыр. Бұл курс балалардың танымдық дағдыларын дамытуға, сөйлеу, жазу және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Алдағы оқу жылында 1-сыныптарға 8 сынып-комплекті жасақталды. Мектеп жаңа оқу жылына толық дайын», – деді №52 жалпы білім беретін мектептің директоры Самал Рахметуллина.

Бастауыш сынып мұғалімі бұл жоба балалардың ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамытуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Ата-аналар «Балақайлар мектебі» арқылы балалардың мектепке деген қызығушылығы артқанын және сенімділікпен оқуға дайындалатынын жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары