Mинистр мектептің жаңа ас мәзірін бекітуді тапсырды

/
Mинистр мектептің жаңа ас мәзірін бекітуді тапсырды
istockphoto

Денсаулық министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енетін және балалардың жас ерекшеліктеріне сай теңдестірілген және құнарлы тамақтануды қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тамақтану стандартына сәйкес мектеп ас мәзірін бекітуді бұйырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұйрық 18 тамызда жарияланып, министр мектеп оқушылары арасындағы анемияның алдын алуға ерекше назар аударған болатын. Өйткені, профилактикалық тексерулердің қорытындысы бойынша, мектеп оқушылары арасында кариес пен анемия жиі кездесетіні анықталды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Министр балалардың қауіпсіз білім алуына жағдай жасау және денсаулығын сақтау үшін жергілікті атқарушы органдар мектептерде жүйелі санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Оқушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды күшейту, кадр мәселесін шешу, мектеп медбикелерінің біліктілігін арттыру және медициналық пункттердің материалдық-техникалық базасын нығайту қажет. Мектептің әрбір медициналық пункті аумақтық принцип бойынша емханаға бекітілген. Әрбір оқушыға медициналық көмек көрсетуге жеткілікті қаржы бөлінуде, - деді Әлназарова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары