Алматыда ECO FEST TURAQTY JOL 6.0 финалы өтті

Алматыда ECO FEST TURAQTY JOL 6.0 финалы өтті

Алматыда NarXoz University алаңында жастарға арналған ECO FEST TURAQTY JOL 6.0 финалы өтті. Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген 70-тен астам дарынды оқушылар мен студенттер экология, өнер, медиа және инновациялар саласындағы өз идеяларын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алты жыл ішінде TURAQTY JOL жобасы еліміз бойынша 20 000-нан астам қатысушыны қамтыды. Қолдау тапқан бастамалар қазірдің өзінде нақты нәтижелерін беруде. ECO FEST 2025 байқауына түскен 1 000-нан астам өтінім жастардың тұрақты даму тақырыбына деген қызығушылығы артып келе жатқанын дәлелдейді», – деп атап өтті Дүниежүзілік және Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерацияларының президенті Болат Ақшолақов.

Жоба ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Алматы қаласы Әкімдігінің, Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының және “Samal” суының қолдауымен жүзеге асырылады.

Фестиваль жасөспірімдердің идеялары мен бизнестің қолдауы түйісетін алаңға айналды.

«Біз TURAQTY JOL эконауқанын қолдауға және экологиялық мәселелерді шешуге жастардың белсенді қатысуына қуаныштымыз. Мұндай жобаларды қолдау – бұл біздің тұрақты даму қағидаттарымыздың нақты жүзеге асуы әрі елдің болашағына деген қамқорлық», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің Тұрақты даму жөніндегі орталығының жетекшісі Арнұр Ибраев бастаманың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Төрт күн бойы финалистер экология, ESG, медиа және көпшілік алдында сөйлеу тақырыптары бойынша дәрістер мен шеберлік сағаттарына қатысты. Әр бағыт өз даму векторын алды:

  • INNOVATION - қатысушылар Samal су зауытына барып, экостартаптардың қаржылық модельдерімен жұмыс істеді.
  • ART - финалистер Ольга Батуринаның жетекшілігімен Пабло Пикассо көрмесін тамашалап, суретші Айгерим Карибаеваның шеберлік сабағына қатысты.
  • MEDIA - командалар Хабар, Kursiv Media және Almaty TV телеарналарының редакцияларында болып, медиа саласының кәсіби мамандарымен кездесті.

Финалистер өз жобаларын үш бағыт бойынша дамытып, шешуші күнге дайындалды. Кульминацияда жас авторлар өз идеяларын сарапшылар қазыларына ұсынды.

«Сіздер тек қана таза әрі жасыл Қазақстанды армандап қана қоймай, іс жүзінде әрекет ететін жастарсыздар. Сіздердің білімдеріңіздің және жігерлеріңіздің арқасында инновациялық жобалар, өнер туындылары мен табиғатты аялауға үйрететін, шабыт беретін медиа-контент дүниеге келді. Идеяларыңыз, энергияларыңыз бен еңбектеріңіз - Отанымыздың болашағына қосқан үлес»,  – деп Chevron компаниясының корпоративтік байланыстар жөніндегі бас менеджері Еркін Зикибаев атап өтті.

  • 1-орын – Досжан Диана
  • 2-орын – Васильева София
  • 3-орын – Амургалинова Алуа

MEDIA

  • 1-орын – Green Storm командасы
  • 2-орын – Qazaq Insight командасы
  • 3-орын – OXY командасы

INNOVATION

  • 1-орын – AQUA AERIS командасы (грант 4 млн теңге)
  • 2-орын – ECO MIND командасы (грант 2,5 млн теңге)
  • 3-орын – CHIP BOX командасы (грант 1,5 млн теңге)
  • Қосымша ынталандыру сыйлығы – Flame Track және Osiris командалары (1 млн теңгеден)

«ECO FEST TURAQTY JOL 6.0 біздің қатысқан ең әсерлі Фестивальдердің бірі болды. Біз орасан зор тәжірибе жинақтап, жобамыздың дамуын жеделдеттік және Қазақстан жастары тұрақты болашақ үшін нақты шешімдер ұсына алатынын дәлелдедік»,  – дейді AQUA AERIS командасының басшысы Беркін Нұрымхан.

ECO FEST TURAQTY JOL 6.0 финалы фестивальдің жай ғана байқау еместігін көрсетті. Ол көшбасшылық мектебі, тәжірибелік білім алу мен тәжірибе алмасу алаңы, мұнда жас көшбасшылар қауымдастығы қалыптасады. Олардың бастамалары жоба шеңберінен шығып, Қазақстандағы экология мен тұрақты даму саласындағы нақты өзгерістердің бір бөлігіне айналуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары