Таразда лифт ішінде қалып қойған төрт адам құтқарылды

/
Таразда лифт ішінде қалып қойған төрт адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Таразда лифт ішінде қалып қойған тұрғындарды эвакуациялады.

112 пультіне Тараз қаласының мөлтек аудандарының бірінде лифтіні ашу қажеттігі туралы хабарлама түсті. Лифт ішінде мүмкіндігі шектеулі адам болған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі жедел жетті.

- Құтқарушылар гидравликалық құралдар мен авариялық-құтқару жабдықтарының көмегімен лифт есігін ашып, төрт тұрғынды эвакуациялады. Құтқарылған әйелдердің біріне медициналық көмек көрсетіліп, ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, - делінген хабарламада.

Ведомство лифтте тұрып қалған жағдайда келесі ережелерді сақтау қажеттігін еске салады:

– сабыр сақтап, жақындарыңызды тыныштандыру;
– диспетчерге хабарласу;
– барлық түймелерді қатарынан баспау;
– лифт есігін өзіңіз ашуға тырыспау;
– қолжетімді сыртқы байланыс арналарын пайдалану.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары