Екі адамның өліміне алып келген жеке ұшақ апатының салдарын арнайы комиссия анықтап жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
- 2025 жылғы 17 тамыз күні сағат 17:40-та Ақмола облысында жалпы авиация желісі бойынша ұшу кезінде Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Әуе оқиғаларын тергеу қағидасына сәйкес комиссия құрылды, - делінген хабарламада.
Қазір Көлік министрлігінің оқиғалар мен жайттарды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері апат орнына шықты.