Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

18 тамыз күні Қазақстанның 15 облысында және елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Астана қаласында найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Алматы қаласында күннің кей бөлігінде найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында түнде батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында түнде батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды, күндіз найзағай ойнап, оңтүстігінде бұршақ, кей жерлерінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысында солтүстігі мен оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары.

Атырау облысында оңтүстігі мен шығысында төтенше, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Кей аймақтарында дауыл тұрып, өрт қаупі өте жоғары болады.

Жетісу облысында шығысы мен орталығында найзағай ойнайды. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысында батысы мен оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, кей жерлерінде төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі. Желдің екпіні 20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында күндіз батысында шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысында найзағай ойнайды, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ұлытау облысында шығысында найзағай ойнайды. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Шығысында өрт қаупі жоғары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары