Алматы облысының тұрғыны 50 келі есірткіні жүгері арасына жасырып өсірген

/
Алматы облысының тұрғыны 50 келі есірткіні жүгері арасына жасырып өсірген
istockphoto

Алматы облысында полицейлер ҰҚКД-мен бірлесіп, заңсыз есірткі бизнесін әшкереледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

ІІМ мәліметіне сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданында 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның 4,5 гектарлық шаруа қожалығы аумағында жүргізілген тінту барысында 233 түп қарасора табылды. Есірткі тектес өсімдікті ол жүгері алқабының арасына жасырып өсірген.

Сонымен қатар, арнайы жасырылған орыннан марихуана тұқымы салынған 58 пробирка анықталып, тәркіленді. Барлық өсімдік сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Зерттеу қорытындысы бойынша, олардың жалпы салмағы 49 килодан асып кеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары