Ақмола облысында ұшақ құлады: қаза тапқандар бар

/
Ақмола облысында ұшақ құлады: қаза тапқандар бар
Фото: Avialine.kz

Ақмола облысы аумағында ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

- UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана стансасындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты, - делінген хабарламада. 

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр. 

- Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - дейді ведомстводан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары