Ақмола облысында қайғылы жағдай болды

/
Ақмола облысында қайғылы жағдай болды
istockphoto

Астана – Петропавл тасжолында екі жеңіл көлік – Kia K5 пен Volkswagen Passat соқтығысып, екі адам қаза тапты, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы тасжолдың 277-шақырымында, Көкшетау мен Щучинск қалалары арасындағы учаскеде болды.

«Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал Kia K5 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Ведомство осындай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтап, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде мұқият болуды және көліктердің техникалық жай-күйін бақылап отыруды еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары