Транспорт саласында 200 мыңға жуық жұмыс орыны ашылмақ

Транспорт саласында 200 мыңға жуық жұмыс орыны ашылмақ

Транспорт саласында 200 мыңға жуық жұмыс орыны ашылмақ
ашық дереккөзі
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015-2017 жылдар аралығында Ұлттық қордан транспорт инфрақұрылымын дамыту үшін жыл сайын 3 млн доллар бөлініп отырады. Бұл туралы «Еуразия құрылуы: Жібек жолдың экономикалық белбеуі» атты халықаралық конференцияда инвестиция және даму министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. «Қытайдың Жібек жолының экономикалық белбеуі туралы ұсынысы Қазақстан президенінің «Нұрлы жол» экономикалық саясатымен үйлеседі. Аталған бағдарлама бойынша, транспорт саласында алғашқы 3-4 жылда 200 мыңдық жұмыс орындарын құра аламыз. Осы мақсатта 2014 жылы мемлекет 2,5 млрд доллар бөлді, 2015-2017 жылдар аралығында Ұлттық қордан жыл сайын 3 млн доллар бөлінетін болады», -деп атап өтті ол. Жеңіс Қасымбектің сөзінше, 2020 жылға дейін 7 мыңға жуық автомобиль жолдарын жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. «Президент Қазақстанның орталығын ірі аймақтармен байланыстыру туралы тапсырма берді. Біз «Астана — Алматы», «Астана-Өскемен» (Шығыс Қазақстан), «Орталық-Батыс» жобаларын жүзеге асырамыз. Осы жобаны іске асыру мақсатында жыл соңына дейін 5 млрд доллар шетелдік инвестиция тартуды көздеп отырмыз», — деп атап өтті Ж.Қасымбек. Министрдің орынбасарының атап өтуінше, ведомства бұл сұраққа байланысты Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Азия банкімен және Ислам банкімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.