Алматыда алаяқтықпен айналысқан турагент ұсталды

/
Алматыда алаяқтықпен айналысқан турагент ұсталды
polisia.kz

Алматыда туристік алаяқтық дерегі анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алмалы ауданының полиция қызметкерлері шетелге туристік сапарлар ұйымдастыруды желеу етіп, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен 26 жастағы әйелді ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда оның өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, әлеуметтік желі арқылы туристік агенттік атынан хабарласып, шетелге саяхат ұйымдастыруды уәде еткен. Алайда ол жәбірленушілердің ақшалай қаражатын иемденіп, уәдесін орындамаған.

Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ержан Оразаев тұрғындарды туристік қызмет түрлерін таңдауда барынша мұқият болуға шақырды.

- Компаниялардың беделін алдын ала тексеріңіз, ресми келісімшарт жасаңыз және жолдаманы тек заңды тұлғаның ресми реквизиттері арқылы төлеңіз. Интернеттегі бейтаныс адамдарға ақшаңызды сеніп тапсырмаңыз – бұл Сізді қаржылық шығындардан сақтайды, – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары