Өскеменде бүгіннен бастап трамвай жүрмейді

/
Өскеменде бүгіннен бастап трамвай жүрмейді
istockphoto

Өскемен қаласында бүгін, 15 тамыздан бастап трамвайлар бір апта бойы мүлде жүрмейді. Бұл туралы "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мекеме мәліметінше, қозғалыстың уақытша тоқтатылуы трамвай паркінің кіреберісі мен шығаберісіндегі рельстерді ауыстыру жұмыстарына байланысты.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қозғалысты толық тоқтатуға тура келді. Қала тұрғындарынан және қонақтарынан бұл уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген компания хабарламасында.

Трамвай қозғалысы 21 тамыздан кейін қайта жанданады деп күтілуде. Осы кезеңде қала тұрғындарына балама қоғамдық көлік бағыттарын пайдалануға кеңес беріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары